ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

РЭжБӘИИ курсанттары донорлық акцияға қатысты

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының (РЭБӘИИ) екі жүз курсанты өз еркімен қан тапсырды.

Бұл ретте әскери институтқа қалалық қан орталығының мамандары келді. Қан тапсыру алдында еріктілер медициналық тексеруден өтті.

Әскери оқу орнындағы медициналық қызметтің бастығы майор Ғалымжан Тәшімов атап өткендей, әскери білім ордасы донор болуға белсенді түрде қатысады. Әскери қызметшілер мен курсанттар жылына екі рет қалалық қан орталығы мен Қазақстан Қорғаныс министрлігі госпиталінің қорын толықтырады.

– Емдеу мекемелерінде донорлық қан компоненттеріне қажеттілік өте жоғары. Бұл жолы курсанттар тегін 90 литр қан тапсырды, – деді медицина қызметінің майоры Ғ. Тәшімов.

Курсанттар да осылайша қоғамдық игілікке үлес қосқысы келетіндерін айтты.

– Қатты өкінгеннен гөрі, біреуге аз да болса көмек көрсеткен жақсы. Мен төртінші рет қан тапсырдым, осылайша оған мұқтаж жандарға көмектескім келеді, – деді екінші курс курсанты Жасұлан Тамаев.

Айта кету керек, әр донор біреудің өмірін сақтап қалатын 450 мл қан тапсырды.


Ілгері