ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

РЭжБӘИИ өкілдері оқушыларға әскери инженер мамандығының артықшылықтары жайлы айтты

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ақпараттық-насихаттау тобы Түрксіб ауданындағы № 78 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесті. 

Әскери білім беретін мекемелердің өкілдері оқушыларға ҚР Қарулы күштерінде қызмет ету перспективалары туралы әңгімелеп берді. Оларды жоғары оқу орнының тарихымен, оқуға түсу ережелерімен және әскери институтта оқу шарттарымен таныстырды.  

– Кездесу қызық өтті. Бізге өмірін күрделі, бірақ аса маңызды миссияға – Отанды қорғауға арнаған әскери адамдардың батылдығы мен ерлігі туралы айтылды. Өз өмірімді осындай асыл мамандықты үйренуге арнаймын деп шешім қабылдадым, – деді «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушісі Шыңғысхан Әлімбеков.

Оқушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Медғат Мадрахимов мұндай іс-шаралар курсанттарды іріктеу сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты «әскери істегі радиотехника және инжиниринг», «әскери істегі радиоэлектроника және инжиниринг», «әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар», «әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «әскери істегі дирижерлеу», «әскери істегі журналистика және қоғаммен байланыс», «әскери құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану» мамандықтары бойынша офицерлер дайындайтынын естеріңізге сала кетейік.

  


Ілгері