ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ
2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»
Радиотехникалық әскерлер кафедрасы 2002 жылы ҚР ҚК ӘҚК-ның радиотехникалық бөлімшелеріне арналған «Әскери істегі радиотехника және инжиниринг» мамандығы бойынша радиолокациялық қару-жарақты пайдалану және жауынгерлік қолдану бойынша инженерлерді оқыту және даярлау мақсатында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.
Кафедраның тағайындалуы, мамандануы:
Радиотехникалық әскерлер кафедрасының негізгі міндеті:
Кафедраның негізгі міндеттері:
Радиотехникалық бөлімшелердің радиолокациялық қару-жарағын басқару, пайдалану және жауынгерлік қолдану саласында Қарулы Күштер үшін офицерлік кадрлардың білімі, іскерлігі, дағдылары мен кәсіби қасиеттері бар жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында оқу және әдістемелік жұмысты жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде ұйымдастыру және жүргізу.
ӘШҚҚ әскерлерінің әскери теориясын дамытуға, жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау. Оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару. Институттың оқу бөлімімен және кафедраларымен бірлесіп оқу бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, мамандарды даярлаудың құрылымдық-логикалық схемаларын және оқу сабақтарының кестелерін әзірлеуге қатысу.