Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары Қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының командасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының VII Халықаралық олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Армия генералы А. В. Хрулев атындағы әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының базасында өткен зияткерлік сайысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери жоғары оқу орындарының курсанттары қатысты.
– Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – курсанттар бағдарлама жасау машығын, екіншісінде – кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Үшінші кезең командалық болды. Балалар ақпараттық сауаттылықтың жақсы деңгейін көрсетті, – деді команда жетекшісі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жаратылыстану-ғылымдары пәндері кафедрасының бастығы Раушан Игілікова.
Олимпиада қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының Қуаныш Ербай, Дастан Қанат және Сергей Ли сынды курсанттары бар қазақстандық команда Өзбекстан (екінші орын) және Ресей (бірінші орын) бағдарлама әзірлеушілерінен кейінгі үшінші орынға табан тіреді.